«Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 6 ақпандағы № 193-VІІ Заңы (2026.01.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

 ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы

(2026.01.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы:

2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңын қараңыз (2026 ж. 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі)

 

 

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

2-бап. Қазақстан Республикасының цифрлық активтер туралы заңнамасы

3-бап. Цифрлық активтер саласындағы қоғамдық қатынастарды мемлекеттік реттеудің мақсаты мен қағидаттары

4-бап. Уәкілетті мемлекеттік органдардың құзыреті

2-тарау. ЦИФРЛЫҚ ҚАРЖЫ АКТИВТЕРІ

5-бап. Цифрлық қаржы активтерінің түрлері Мыналар цифрлық қаржы активтерінің түрлері болып табылады:

6-бап. Цифрлық қаржы активтерін шығару жəне айналымға (айналысқа) жіберу

7-бап. Цифрлық қаржы активтері платформасы операторларының, цифрлық активтердің сауда платформасы операторларының қызметін бақылау жəне қадағалау

3-тарау. ЦИФРЛЫҚ МАЙНИНГ

8-бап. Цифрлық майнинг жөніндегі қызмет

9-бап. Цифрлық майнинг жөніндегі қызметті лицензиялау

10-бап. Цифрлық майнингтік пулдардың қызметі

11-бап. Алып тасталды

11-1-бап. Ұлттық стратегиялық крипторезерв туралы жалпы ережелер

12-бап. Цифрлық қаржы активтерін қоспағанда, цифрлық активтер саласындағы мемлекеттік бақылау

3-1-тарау. ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛМЕГЕН ЦИФРЛЫҚ АКТИВТЕР

12-1-бап. Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтердің айналымы

12-2-бап. Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының қызметін реттеу

12-3-бап. Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының лицензиясын беруден бас тарту негіздері

12-4-бап. Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторы атқарушы органының басшысына қойылатын талаптар

12-5-бап. Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторларының қызметін бақылау жəне қадағалау

12-6-бап. Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру немесе одан айыру үшін негіздер

4-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР

13-бап. Қазақстан Республикасының цифрлық активтер саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

14-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

 

 

 

 

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен (2025 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда

1) есептік тіркеу - цифрлық қаржы активтері платформасының операторын, цифрлық активтердің сауда платформасының операторын цифрлық қаржы активтері платформасы операторларының тізіліміне, цифрлық активтердің сауда платформасы операторларының тізіліміне енгізу;

2) қамтамасыз етілген цифрлық активтерді сақтау және айырбастау жөніндегі цифрлық платформа - деректердің таратылған платформасы негізінде құрылған, белгілі бір ақпараттық өзара іс-қимылдарды іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған, ақпарат алмасу мүмкіндігін беретін ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың жиынтығы;

2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен (2025 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) тармақша жаңа редакцияда

3) қамтамасыз етілмеген цифрлық актив - цифрлық қаржы активі болып табылмайтын цифрлық актив;

2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)

3-1) қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторы - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде цифрлық активтер нарығында дилерлік қызметті - өз клиенттерінің мүддесі үшін қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау, сатып алу жəне (немесе) сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын цифрлық активтер қызметтерінің провайдері;

2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)

3-2) мінсіз іскерлік бедел - адамның, оның ішінде:

аталған адамның қаржы ұйымын мəжбүрлеп таратуға алып келген төлем қабілетсіздігіне не банкке реттеу режимін қолдануға алып келген құқыққа қайшы əрекеттерді (əрекетсіздікті) жасау;

аталған адамның алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығы, оның ішінде адамға қаржы ұйымының, банк жəне (немесе) сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкері лауазымын атқару жəне қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы заңды күшіне енген сот актісінің болуы;

қаржы мониторингі жөніндегі уəкілетті органның мəліметтері негізінде əрекеттері қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға жəне жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға ықпал еткен үшінші тұлғалармен қарым-қатынасының (үшінші тұлғалардың бақылауы мен ықпалының) болуы фактілерінің жоқтығымен расталатын кəсіпқойлығы мен адалдығы;

2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) цифрлық актив - цифрлық код беріліп, оның ішінде криптография жəне компьютерлік есептеу құралдары қолданыла отырып электрондық-цифрлық нысанда құрылған, есеп айырысу ақша бірлігі жəне (немесе) заңды төлем құралы болып табылмайтын, деректердің таратылған платформасы технологиясының негізінде тіркелген жəне ақпараттың өзгермейтіндігімен қамтамасыз етілген мүлік.

Мыналар цифрлық активтердің түрлері болып табылады:

цифрлық қаржы активі;

қамтамасыз етілмеген цифрлық актив;

4-1) 2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 4-2) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)

4-2) цифрлық актив əмияны - криптографиялық кілттерді сақтау немесе оларды басқару үшін пайдаланылатын, цифрлық активтерге қол жеткізуді жəне олармен транзакциялар жүргізуді қамтамасыз ететін бағдарламалық немесе аппараттық құрал;

2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 4-3) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)

4-3) цифрлық активтер айналымы (айналысы) - цифрлық активті сатып алуды, сатуды, айырбастауды, аударуды, сақтауды қамтитын Қазақстан Республикасының аумағында немесе Қазақстан Республикасының азаматының, резидентінің немесе Қазақстан Республикасында тіркелген заңды тұлғаның қатысуымен цифрлық активтермен азаматтық-құқықтық мəмілелер жасау;

2025.17.11. № 231-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 18 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) цифрлық активтер биржалары - цифрлық активтердің сауда-саттығын, шығарылуын, есептелуін және сақталуын ұйымдастырушылық және техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар;

2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)

5-1) цифрлық активтердің сауда платформасының операторы - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің цифрлық активтердің сауда платформасы операторларының тізіліміне енгізілген, цифрлық активтер бойынша сауда-саттықты ұйымдастырушылық жəне техникалық тұрғыдан қамтамасыз етуді цифрлық активтер қызметтері провайдерінің сауда жүйесін пайдалана отырып тікелей өткізу арқылы жүзеге асыратын цифрлық активтер қызметтерінің провайдері;

2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 5-2) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)

5-2) цифрлық активтердің сауда платформасы операторларының тізілімі - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есептік тіркеуден өткен цифрлық активтердің сауда платформасы операторларының бірыңғай тізбесі;

2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 5-3) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)

5-3) цифрлық активтер қызметтерінің провайдері - цифрлық активтермен байланысты қызметтер көрсететін жəне Интернеттің қазақстандық сегментінде тіркелген цифрлық активтер нарығының субъектісі.

Мыналар цифрлық активтер қызметтерінің провайдерлері болып табылады:

цифрлық қаржы активтері платформасының операторы;

цифрлық активтердің сауда платформасының операторы;

қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторы;

цифрлық активтермен байланысты қызметті жүзеге асыруға арналған тиісті лицензиясы бар цифрлық активтер биржасын қоса алғанда, «Астана» халықаралық қаржы орталығының қатысушылары;

2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 5-4) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)

5-4) цифрлық активтермен жасалатын операцияларды талдау жəне бақылау жүйесі (бұдан əрі - операцияларды талдау жəне бақылау жүйесі) - цифрлық активтермен жасалатын операцияларды мониторингтеуге, операцияларды қадағалауға жəне күдікті əрекеттерді анықтауға арналған цифрлық платформа немесе сервис;

6) 2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2025.17.11. № 231-VIII ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 18 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

6-1) цифрлық активті шығару - азаматтық құқықтар объектісі ретінде цифрлық активтің пайда болуына бағытталған әрекет;

2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 6-2) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)

6-2) цифрлық қаржы активтерін орналастыру - цифрлық қаржы активтері платформасы операторының цифрлық платформасы арқылы жүзеге асырылатын, инвесторларға цифрлық қаржы активтерін бастапқы ұсыну;

2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 6-3) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)

6-3) цифрлық қаржы активтерін ұстаушыларды есепке алу жүйесі - цифрлық қаржы активтері платформасы операторының есепке алу жүйесі, ол:

цифрлық қаржы активтерін ұстаушылар жəне оларға тиесілі цифрлық қаржы активтері туралы мəліметтерді есепке алуды жəне сақтауды;

цифрлық қаржы активтерін ұстаушыларды белгілі бір уақытқа сəйкестендіруді;

цифрлық қаржы активтерімен жасалатын мəмілелерді тіркеуді;

цифрлық қаржы активтері бойынша айналысқа немесе құқықтарды іске асыруға тіркелген шектеулер (ауыртпалықтар) туралы мəліметтерді есепке алуды жəне сақтауды;

Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мəліметтерді есепке алуды жəне сақтауды қамтамасыз етеді.

Цифрлық қаржы активтері платформасы операторларының цифрлық қаржы активтерін ұстаушыларды есепке алу жүйесін жүргізу тəртібі, цифрлық қаржы активтерін ұстаушыларды есепке алу жүйесінде есепке алынуға жəне сақталуға тиіс өзге де мəліметтердің тізбесі, сондай-ақ цифрлық қаржы активтері платформасы операторларының цифрлық қаржы активтерін ұстаушыларды есепке алу жүйесінен мəліметтерді орталық депозитарийге беру тəртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жəне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органның бірлескен нормативтік құқықтық актісінде айқындалады;

2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 6-4) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)

6-4) цифрлық қаржы активтері платформасының операторы - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің цифрлық қаржы активтері платформасы операторларының тізіліміне енгізілген, цифрлық платформаға қолжетімділікті жəне оның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін цифрлық активтер қызметтерінің провайдері, осы платформа пайдаланыла отырып:

цифрлық қаржы активтерін шығару жəне (немесе) айналымға (айналысқа) жіберу;

цифрлық қаржы активтерін есепке алу жəне сақтау;

көрсетілген цифрлық платформада шығарылған жəне (немесе) айналыстағы цифрлық қаржы активтерін ұстаушыларды есепке алу жүйесін қалыптастыру, жүргізу жəне сақтау жүзеге асырылады;

2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 6-5) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)

6-5) цифрлық қаржы активтері платформасы операторларының тізілімі - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есептік тіркеуден өткен цифрлық қаржы активтері платформасы операторларының бірыңғай тізбесі;

2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 6-6) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)

6-6) цифрлық қаржы активі:

цифрлық активтің базалық активіне қатысты ақшалай жəне (немесе) өзге де талап ету құқығын куəландыратын, цифрлық қаржы активтері платформасы операторының цифрлық платформасында шығарылатын жəне цифрлық қаржы активтері платформасы операторының жəне (немесе) цифрлық активтердің сауда платформасы операторының цифрлық платформасында айналыста болатын осындай цифрлық актив;

цифрлық қаржы активтері платформасы операторының цифрлық платформасында шығарылатын жəне цифрлық қаржы активтері платформасы операторының жəне (немесе) цифрлық активтердің сауда платформасы операторының цифрлық платформасында айналыста болатын қаржы құралы жəне (немесе) қаржы активі.

Цифрлық қаржы активін орналастыру, айналымға (айналысқа) жіберу жəне өтеу осындай цифрлық қаржы активін шығару шарттарына сəйкес жүзеге асырылады;

2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 6-7) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)

6-7) цифрлық қаржы активін өтеу - цифрлық қаржы активі эмитентінің тиісті міндеттемелерін өтеуге байланысты жəне (немесе) цифрлық қаржы активін шығару шарттарына сəйкес өзге де негіздер бойынша осындай цифрлық қаржы активін айналымнан (айналыстан) алу;

2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 6-8) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)

6-8) цифрлық қаржы активінің базалық активі - құны немесе шамасы (құнының немесе шамасының құбылуын қоса алғанда) тиісті цифрлық қаржы активінің құнын айқындайтын жəне оған қатысты цифрлық қаржы активін ұстаушыда ақшалай жəне (немесе) өзге де талап ету құқығы туындайтын мүлік.

Қаржы құралы (оның ішінде ақша, туынды бағалы қағаздарды қоса алғанда, бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары, басқа да цифрлық қаржы активі), мүліктік құқық (талап), тауар жəне (немесе) өзге де мүлік цифрлық қаржы активінің базалық активі бола алады;

2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 6-9) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)

6-9) цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйым - цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі міндеттемелерді өзіне қабылдай отырып, оны есепке алуды жəне сақтауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес өзге де қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасы;

2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 6-10) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)

6-10) цифрлық қаржы активінің эмитенті - цифрлық қаржы активтерін шығаруды (эмиссиясын) жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасы;

7) цифрлық майнер - цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының дара кәсіпкері немесе заңды тұлғасы;

2025.17.11. № 231-VIII ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2026 ж. 18 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8) цифрлық майнинг - блокчейн арқылы деректер блоктарының тұтастығын растауды қамтамасыз ететін, шифрлаудың берілген алгоритмдеріне сәйкес компьютерлік қуаттарды пайдалана отырып есептеу операцияларын жүргізу процесі;

2025.17.11. № 231-VIII ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (2026 ж. 18 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9) цифрлық майнинг деректерін өңдеу орталығы - цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешеннен тұратын, есептеу қуаттарының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, тұрғын аймақтың аумағынан тыс жерде орналасқан, «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес электр энергиясын пайдаланатын ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісі;

2025.17.11. № 231-VIII ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (2026 ж. 18 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

10) цифрлық майнингтік пул - Қазақстан Республикасының цифрлық активтер туралы заңнамасына сәйкес аккредиттелген, цифрлық майнерлердің цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешенінің қуаттарын біріктіру қызметін ұсынатын, цифрлық майнерлердің бірлескен қызметінің нәтижесінде пайда болған (жасалған) цифрлық активтерді олардың арасында бөлуді жүзеге асыратын заңды тұлға.

 

2-бап. Қазақстан Республикасының цифрлық активтер туралы заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының цифрлық активтер туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзге қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

 

3-бап. Цифрлық активтер саласындағы қоғамдық қатынастарды мемлекеттік реттеудің мақсаты мен қағидаттары

1. Қазақстан Республикасының экономикалық дамуы мен бәсекеге қабілетті болуы үшін Қазақстан Республикасында цифрлық активтерді шығару және олардың айналымы, цифрлық майнинг жөніндегі қызметті дамыту цифрлық активтер саласындағы мемлекеттік реттеудің мақсаты болып табылады.

2. Цифрлық активтер саласындағы мемлекеттік реттеу мынадай қағидаттарға негізделеді:

1) заңдылық;

2) жеке тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау;

3) жеке және заңды тұлғалардың цифрлық активтер саласындағы қызметке қатысу және оның нәтижелерін пайдалану құқықтарының теңдігі;

4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қолжетімділігі шектелмеген кез келген электрондық ақпараттық ресурстарды іздеу, қалыптастыру және беру еркіндігі;

5) цифрлық активтерді пайдалану, шығару және цифрлық майнинг кезінде жеке бастың, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

6) цифрлық активтерді шығару, пайдалану саласын, цифрлық майнингті, сондай-ақ адал бәсекелестікті дамыту үшін жағдайлар жасау.

 

2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 4-бап жаңа редакцияда (2026 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4-бап. Уəкілетті мемлекеттік органдардың құзыреті

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі:

1) осы Заңның 5-бабының 1) тармақшасында көзделген цифрлық қаржы активтерінің эмитенттерін, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығы қатысушыларының цифрлық активтері қызметтерінің провайдерлерін қоспағанда, цифрлық активтер қызметтерінің провайдерлерін мемлекеттік реттеуді, бақылауды жəне қадағалауды жүзеге асырады;

2) «Астана» халықаралық қаржы орталығы қатысушыларының цифрлық активтері қызметтерінің провайдерлерін қоспағанда, цифрлық активтер қызметтері провайдерлерінің, цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйымдардың жəне осы Заңның 5-бабының 1) тармақшасында көзделген цифрлық қаржы активтері эмитенттерінің орындауы үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді бекітеді;

3) цифрлық қаржы активтері платформасының операторларын, цифрлық активтердің сауда платформасының операторларын есептік тіркеуді жүзеге асырады жəне олардың тізілімдерін жүргізеді;

4) осы Заңның 5-бабының 1) тармақшасында көзделген цифрлық қаржы активтерінің эмитенттері мен инвесторларына қойылатын талаптарды айқындайды;

5) «Астана» халықаралық қаржы орталығы қатысушыларының цифрлық активтері қызметтерінің провайдерлерін қоспағанда, цифрлық активтер қызметтері провайдерлерінің жəне осы Заңның 5-бабының 1) тармақшасында көзделген цифрлық қаржы активтері эмитенттерінің Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға жəне жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;

6) қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторларының қызметін мемлекеттік реттеуді, бақылауды жəне қадағалауды жүзеге асырады;

7) цифрлық активтер нарығындағы дилерлік қызметке - қамтамасыз етілмеген цифрлық активтермен жасалатын айырбастау операцияларына арналған лицензияны (бұдан əрі - қамтамасыз етілмеген цифрлық активтермен жасалатын айырбастау операцияларына арналған лицензия) береді (беруден бас тартады), қайта ресімдейді, тоқтата тұрады, одан айырады;

8) цифрлық активтермен байланысты қызметке қатысты «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-2-тарауында көзделген тəртіппен ерекше реттеу режимін енгізеді;

9) осы Заңда, Қазақстан Республикасының заңдарында жəне Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мыналарды бекітеді:

1) қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторларының қызметін жүзеге асыру қағидалары, онда мыналар айқындалады:

қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторын лицензиялау тəртібі жəне қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторына қойылатын біліктілік талаптары;

қамтамасыз етілмеген цифрлық активтермен жасалатын айырбастау операцияларына арналған лицензия алу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсынылатын құжаттардың тізбесі;

қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының басшы қызметкеріне жəне құрылтайшыларына (қатысушыларына) (құрылтайшыларының біріне, қатысушыларына немесе акционерлеріне), бенефициарлық меншік иесіне қойылатын талаптар;

қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының жарғылық капиталының ең аз мөлшеріне қойылатын талаптар;

қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының ұйымдық-құқықтық нысанына қойылатын талаптар;

ақпараттық қауіпсіздікке қойылатын талаптар;

қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторын қайта ұйымдастыру тəртібі;

қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторына қойылатын біліктілік талаптары;

қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторларының қызметін жүзеге асыру тəртібі;

қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді сатып алу, сату жəне (немесе) айырбастау жөніндегі операцияларды жүргізу тəртібі;

операцияларды талдау жəне бақылау жүйесіне қойылатын талаптар;

клиенттердің операциялары бойынша шектеулер мен лимиттер;

қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторларының екінші деңгейдегі банктермен жəне Ұлттық пошта операторымен өзара іс-қимыл жасау тəртібі;

клиенттердің цифрлық активінің əмияндарын ашу жəне оларға қызмет көрсету тəртібі;

2) цифрлық қаржы активтері платформасы операторларының, цифрлық активтердің сауда платформасы операторларының қызметін жүзеге асыру қағидалары, онда мыналар айқындалады:

цифрлық қаржы активтері платформасының операторларын, цифрлық активтердің сауда платформасының операторларын есептік тіркеу тəртібі;

есептік тіркеуден өту үшін өтініш беруші Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсынатын құжаттардың тізбесі;

өтініш берушінің ұйымдық-құқықтық нысанына қойылатын талаптар;

өтініш берушінің жарғылық капиталының ең аз мөлшеріне қойылатын талаптар;

цифрлық қаржы активтері платформасы операторының цифрлық қаржы активтерінің базалық активінің болуын жəне жай-күйін (сақталуын) куəландыру жəне мониторингтеу тəртібі;

цифрлық қаржы активтері платформасы операторларының, цифрлық активтердің сауда платформасы операторларының қызметін жүзеге асырудың ішкі қағидаларына қойылатын талаптар;

цифрлық қаржы активтері платформасы операторының, цифрлық активтердің сауда платформасы операторының цифрлық платформаларына қолданылатын ақпараттық қауіпсіздікке қойылатын талаптар;

цифрлық қаржы активтері платформасының операторын, цифрлық активтердің сауда платформасының операторын қайта ұйымдастыру тəртібі;

цифрлық қаржы активтері платформасы операторының жəне цифрлық активтердің сауда платформасы операторының біліктілік талаптары, кəсіптік қызмет түрлерін ұштастыру шарттары мен тəртібі;

цифрлық қаржы активтері платформасының операторларында, цифрлық активтер сауда платформасының операторларында есепке алынатын жəне сақталатын барлық деректі (мəліметті), оның ішінде цифрлық қаржы активтерінің эмитенттері, цифрлық қаржы активтерін ұстаушылар жəне оларға тиесілі цифрлық қаржы активтері туралы деректерді (мəліметтерді) цифрлық қаржы активтері платформасының басқа операторына, цифрлық активтердің сауда платформасының басқа операторына беру тəртібі;

цифрлық қаржы активтері платформасы операторларының цифрлық қаржы активтерін ұстаушыларды есепке алу жүйесін, цифрлық қаржы активтерін ұстаушыларды есепке алу жүйесінде есепке алынуға жəне сақталуға тиіс өзге де мəліметтер тізбесін жүргізу тəртібі;

3) базалық активі ақша жəне олардың баламалары болып табылатын цифрлық қаржы активтеріне қатысты цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйымдарға қойылатын талаптар;